Атырау, 30 қараша 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

"Атырау" қарыздан құтылған жоқ

2 170 просмотра

Қазақстанның футбол федерациясы «Атырау» ФК-нан осы жылдың 28 наурызына дейін барлық қаржылық мәселелерін реттеп болуды талап етті. Бұл туралы 5 наурызда брифингте облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВ хабарлады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Атырау» ФК-ның 2013 жылдың басындағы несиелік қарыздары 640 млн теңгені құрады («АЖ» 24.01.13 күнгі №4 «Қарызға батқан «Атырау» мақаласын қараңыз). Клуб директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ айтуынша, қазір қарыз азайған, бірақ қанша екендігін нақтыламады.

«Атырау» чемпионатқа 28 наурызға дейін қаржылық мәселелерін шешіп болу шартымен жіберіліп отыр. Сонымен қатар басқа да талаптар бар: клуб қарыздар болған адамдарымен  барлық дауларды шешіп болмайынша, 2012-2013 ж.ж. маусым аралық үзілісте құрамға алынған ойыншылар бірінші және екінші турларда (9 және 15 наурыз) ойнамайды. Яғни, «Таразбен» болатын қонақ ойында және өзімізде «Тобылмен» болатын матчтарға тек өткен жылғы ойыншылар ғана қатыса алады, ал бұл команданың тең жартысын құрайды. Сондықтан да команда бапкерлеріне бас ауыртуға тура келеді.

Алайда, бұл ҚФФ-ның санкциялары мұнымен аяқталмайды. «Атыраудан» өткен чемпионатта 6 ұпай алынған болатын, сондықтан да биыл маусымды турнир кестесінде «минус 6» көрсеткішімен бастаймыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 наурыз 2013, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.