Атырауда алаяқтық қылмыстың сирек кездесетін түрімен күдіктелген 50 жастағы әйел ұсталды.
Бұл әйелдің ұлы 2009 жылы бұзақылығы үшін сотталып, Тараздағы түзету колониясында жазасын өтеуде. Анасымен бірге көңілі бос ата-аналардан ақша алу сызбасын ұйымдастырған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, камерада отырған ұлы ұялы телефон арқылы Атыраудағы кездейсоқ қалалық нөмірді теріп, телефон тұтқасына ата-анасын шақыруды сұрайды. Ал содан соң олардың ұлдарының полицияда екенін айтады. Содан кейін белгілі бір сомаға баласын аман алып қалуға көмектесемін деп өз қызметін ұсынып, ақшаны полиция қызметкеріне беруді өтінеді. Полицей әйелдің рөлін анасы ойнайды. Бұл әйел осы ақшаларды ұлы айтқан банктік есеп-шотқа аударады.
Осындай кезекті ақша беру үстінде қылмыскердің анасын Атырау ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелге 150 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі мөлшерде ақша алу бойынша 4 қылмыстық іске қатысы бар деп айып тағылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ