Атырау, 25 қараша 13:02
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әмбебап сақшы жолға шықты

2 518 просмотра

Жуырда Атырау облысында жол полициясы жасағы мен күзет бекеті қызметін біріктіру арқылы жасалған «әмбебап сақшыларды» енгізу бойынша сынақ басталады. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл сынақ өткен жылдың 1 сәуірінде Павлодар облысында басталып, одан кейін Жамбыл облысында жалғасын тапқан. Жамбыл өңіріндегі бір ай жұмыстың ішінде қызмет көрсетілген шақыртулардың саны 20%-ға өскен және көшедегі қылмыс 40%-ға азайған. Алайда, «әмбебап сақшылар» бастапқыда қиыншылықтар көрген екен: жол полициялары күзет қызметінің өзіндік ерекшеліктерін білмесе, сақшылар жол ережесінен қиналған.

ІІД ЖПБ-ның бастығы Мұхаметжан ОСПАНОВТЫҢ айтуынша, қазірдің өзінде біріккен бөлімшенің құрылымы даярлануда.

-Әмбебап сақшылар қызмет атқару кезінде жол қауіпсіздігін де, қоғамдық тәртіпті де қамтамасыз етуі керек, - дейді М. Оспанов.

Жасақшылар жұмысын ІІБ басшылары тәулік бойғы жұмыстарды қорытындылағанда бағалайды. Бұл нақты аумақтағы қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күресу жағдайын шынайы анықтауға мүмкіндік береді. Әзірге «әмбебап сақшылар» тек Атырау қаласында ғана жұмыс жасайтын болады, ал облыс аумағы бойынша өтетін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарды бұрынғыша жол полициясы бөлімшелері қадағалайтын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.