Атырау, 30 қараша 06:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Арзан көкөніске сұраныс жоқ

2 128 просмотра

Аудандарда көкөніс бағалары өсуде, ал тұрақтандыру қорының ауылшаруашылық арзан өнімдері сұранысқа ие болмай отыр. Бұл туралы тағы да облыстық әкімдікте болған кеңесте айтылды.

Естеріңізге салсақ, қор құрылған кезде аймақтық және республикалық бюджеттен 670 млн теңгедей қаржы бөлінген еді. Азық-түліктерді сатып алуға бір рет қаржы салып, әрі қарай оны айналым қаржысынан толықтыру ойластырылған болатын. Тұрақтандыру қоры аясында сатып алу жоспарына сәйкес, бағдарлама операторы «Атырау» ӘКК 2012 жылы262 млн теңгеден астам азық-түліктер сатып алуды жоспарлады.

Облыстық ауыл шаруашы-лығы басқармасының бастығы Сырым РЫСҚАЛИЕВТЫҢ баяндамасында айтылғандай, қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының қоймаларында 1,6 мың тоннадан астам азық-түліктер сақталған. Бірақ, өткен жылдардағыдай, аудан әкімдіктері түрлі себептермен осы қорларды зауықсыз пайдалануда.

- Мәселен, Жылыой ауданы бар болғаны 3 тонна картоп пен 2 тонна пияз, Исатай ауданы – 2,3 тонна картоп, Махамбет ауданы – 4 тонна картоп және т.б. сатып алды.  

Әкімдіктер тасымалдаушылар жоқ, кәсіпкерлер көкөніс сатуды тиімсіз деп есептейді, аудандардың шалғайлығына және көкөністердің сапасының нашарлығына шағымданады деп ақталады. Сол баяғы шағымдар, ал бірақ аудандарда көкөніс бағасы өсіп жатыр.

Осы жерде мәжілісте «АгроСервис» ЖШС-нен көкөністерді (картоптан басқа) қабылдаудан бас тартқан «Идеал» дүкендерінің желісіне шағымдар айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ғұмар  ДҮЙСЕМБАЕВ облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАҒА осы жағдайды анықтауға тапсырма берді:

- Бұл - мемлекеттің тапсырысы, тек өз қалтасы үшін ғана жұмыс істемеу керек қой.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.