АСТАНА, 6 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды.
Дереккөз: newskaz.kz