Атырау, 2 қараша 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Жалақы ала алмаған жұмысшылар ереуілге шықты

1 973 просмотра

Тараз кәсіпорындарының бірінің жұмысшылары жарты жыл бойы жалақысыз жүр. Тері өңдеумен айналысатын мекеме қызметкерлері бүгін ереуілге шығып, жалақыларын талап етті. 

Мәселеге енді облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің мамандары мен прокуратура қызметкерлері аралысып отыр.

Мекеме қызметкерлері еңбекақыларын соңғы рет былтыр қыркүйекте алған. Алайда, жиналғандардың жанына батқан жалақы мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген. Тіпті кейбір мамандар жұмыстан шығуға мәжбүр болыпты. Ал барар жері жоқ жұмысшылар уәденің орындалуын күтіп,  басшылыққа телміріп отыр.

Гүлзахира ӘБІТАЕВА, жұмысшы:

- Жалақымыздан зейнетақы төлемдерін ай сайын ұстап тұрады. Бірақ ол біздің зейнетақы қорымызға түспеген немесе үш айда, жарты жылда бір салып отырған. Кебір жұмысшылар бір-екі ай жұмыс жасап, шыдамай кетіп калған. Оларда зейнетақы төлемдері атымен жоқ. 

Еңбекақыға қол жеткізе алмай жүргендердің ішінде денсаулығы нашарлап, жұмыстан кеткендер де бар. Қара жұмысқа тегін жегілуден қажығандар осымен төртінші рет ереуілдетіп отыр. Алайда, басшылық құлақ асар емес. Мәселеге облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті араласқаннан кейін ғана  сең қозғалған. Енді кәсіпорын ісін прокуратура қарамақ.  

Қайыржан ҚУАТБЕКОВ, қалалық прокуратура бөлімінің бастығы:

- Бүгінде аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылығына хаттама жіберілді. Сонымен қатар ол мекеме өзінің 102 жұмысшысына 8 млн теңге қарыз екені анықталды. Біз ЖШС басшылығына қатысты әкімшілік іс қозғадық.

Ал компанияның басшылары әдеттегідей мәселенің анық-қанығын түсіндіруден бас тартты. Жалпы, Жамбыл облысында мұндай сорақылық көп кездеседі. Өңірде жүздеген жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Төрт кәсіпорынның қызметкерлерге қарызы жеті миллионнан асады. Бұл тек ресми мәлімет қана. Олардың мәселелерін шешу үшін арнайы мемлекеттік органдар жұмыс жүргізуде.

Дереккөз: 24.kz

6 наурыз 2013, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.