Атырау, 30 қараша 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Африкандық құштарлық

1 777 просмотра

Наурыздың 4-інен 5-іне қараған түні Атырауда шетелдік азаматша, Габон Республикасының 27 жастағы тумасы отбасылық ұрыс-керіс барысында күйеуіне – шетелдік компаниялардың бірінде инженер-технолог боп жұмыс істейтін Ұлыбританияның 53 жастағы азаматына пышақ жарақатын салған.

Ерлі-зайыптылардың керісі қала орталығындағы мейманханалардың бірінде орын алған. Жараланған күйеуі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, бұл әйел Атырауға үстіміздегі жылдың 1 наурызында келген. Қазіргі уақытта ол басқа жаққа шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Куәгерлердің айтуынша, қолына пышақ ұстаған мас әйелді түнде «Атырау» сауда ойын-сауық орталығының жанынан көрген. Күзетшілер оны ұстап, полицейлерге тапсырған екен.

Облыстық ауруханадағылар шетелдіктің өздеріне түнде жеткізілгенін, жарақаттың аса терең еместігін, оған ота жасалып, хирургия бөлімшесіне ауыстырылғанын растады. Қазір оның жағдайы тұрақталған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 наурыз 2013, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.