Атырау, 23 қараша 10:23
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жыл сайын «Нұр Отан» партиясы қатарынан 12 мыңға тарта адам шығарылады

3 477 просмотра

Жыл сайын «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы қатарынан 12 мыңға тарта адам шығарылады Бұл туралы бүгiн Үкімет отырысында партия төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Кез келген партия өз қатарына адамдарды салтанатты түрде қабылдап қана қоймай, партия құрамынан шығарып жатады. Партияға келгеннен соң оларға жоғары талап қойылады. Азаматтар әр уақытта өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындай бермейді. Сыбайлас жемқорлық немесе басқа да мәселелерге қатысты құқық бұзушылық жасаса, онда оны партия қатарынан шығару мәселесі көтеріледі», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, жыл сайын «Нұр Отан» партиясы қатарынан 12 мыңға тарта адам шығарылады екен.

«Бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты емес, көбнесе партия тәртібіне қатысты болады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты көрсеткіш төмен. Олардың саны – 12 мың адам. Бұл жалпы партия мүшелерінің 1%-на жетпейді», - деді Б.Байбек.

Дереккөз: bnews.kz

5 наурыз 2013, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.