Атырау, 30 қараша 05:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

NCOC тарту етеді

2 412 просмотра

4 наурызда Солтүстік Каспий жобасының операторы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК)компаниясы журналистерге Консорциумның Демеушілік және Қайырымдылық (ДжҚ) Бағдарламасының аясында 11 жобаны таныстырды.

Атыраулықтарға тарту етілетін сыйлықтардың ішінде: қалалық ауруханаға арналған медициналық жабдықтар, А. Чехов атындағы №14 және С. Мұқанов атындағы №10 мектептерге арналған музыкалық аспаптар мен спорттық мүліктер, Н. Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының «Кербез» балалар театрын демеушілік қолдау, облыстық «Намыс» Киокушинкай Карате-до федерациясына арналған спорттық жабдықтар, аз қамтылған отбасының балаларына арналған  «Балдырған» балабақшасы үшін жиһаздар бар.

Компанияның ақпараты бойынша, 2012 жылы консорциум Атырау және Маңғыстау облыстарында ДжҚ аясында жалпы құны 1,4 млн доллардай болатын 92 жобаны жүзеге асырған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Сурет автордікі және компанияның баспасөз қызметінен алынды

5 наурыз 2013, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.