Атырау, 30 мамыр 09:34
 дождьВ Атырау +14.2
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Пара алам деп тұтылды

2 166 рет қаралды

Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 ақпанда департаменттің және облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Атырау ҚІІБ-ның учаскелік полиция инспекторы азамат А.-ны ұстады. 

Полицей қызметкері екі азаматтан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 333-бабы (тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ресімдемегені үшін 58 мың теңге сомасында пара алған деп хабарланады. 1 наурызда пара алушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол қамауға алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 наурыз 2013, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.