Мәншүк Оралбаева. Сурет lada.kz сайтынан алынды.Маңғыстау облысында із-түссіз жоғалып кеткен Мәншүк Оралбаеваның өлі денесі табылды. 17 жастағы қыздың адам танымастай зақымдамған мәйітін Ақтау қаласының маңынан малшылардың бірі тапқан.
Мәмбет Аяпов, Маңғыстау облыстық ІІД криминалды полиция басқармасының бастығы:
– Жартылай өртенген қыз баланың мәйіті табылған. Қазіргі таңда табылған мәйіт бойынша 96-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жартылай күйген, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамадан соң қосымша хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетсек, Мәншүк Оралбаева 19 ақпан күні хабар-ошарсыз жоғалған. Күндіз үйінен шығып, қаладағы туысының үйіне бет алған бойжеткеннің қайда екенін туыстары мен жақындары біле алмаған. Екі аптадан астам уақыт полиция мен еріктілердің іздестіру жұмыстары да нәтиже бермеді. Қайғыны көтере алмай жас келіншектің 19 жастағы күйеуі де өз-өзіне қол салған болатын.
Дереккөз: ktk.kz