Атырау, 23 қараша 10:27
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көлік министрлігі тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру ережесін бекітті

1 990 просмотра

АСТАНА,  5 нау –Қазақстан жаңалықтары АА.  Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі  тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру ережесін бекітті деп хабарлайды сейсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған Ереже 2012 жылы ішкі әуе тасымалының нарығын либерализациялаудың басталуына және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ішкі авиабағдарларды бөлу байқауының алынып тасталуымен байланысты әзірленген болатын. Осылайша, авиакомпаниялар ішкі авиабағдарлар бойынша ұшуларды квалификациялық талаптарға сай болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

«Авиакомпаниялар бұл Ережеге сәйкес өздерінің қызметтерін сәйкестендіріп, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IOSA) қауіпсіздік аудитінің өндірістік сертификатына ие болулары қажет. Сондай-ақ, ішкі бағыттардың бірінде жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға ниет білдірген авиакомпаниялардың тұрақты емес тасымалды немесе жергілікті (облысаралық) жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт»,-делінген хабарламада. 

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, Ережеде авиакомпанияның әуе паркінде ұшу жарамдылығы жөніндегі қолданыстағы сертификатқа ие және әрқайсысының жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде 3 әуе кемесі болуы тиіс.

«Бұл талап ішкі тұрақты рейсті жүзеге асыратын авиакомпанияның жолаушылар тасымалын уақытылы қамтамасыз етуі үшін енгізіліп отыр. Әуе паркіндегі ұшақтар авиакомпаниялардың жеке меншігіндегі немесе кемінде 3 жылдық мерзімге жалға алған ұшақтар болуға тиіс»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін авиакомпанияның республикаішілік жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды жоспарлаған әр әуежайда өзінің өкілдігі мен өкілі болуы шарт. Мұның сыртында, олардың билетті броньдау және сатумен айналысатын білікті персоналы болуы керек.

Бұл талаптардың барлығы міндетті болып табылады және авиакомпаниялар тұрақты ішкі жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға өтініш берген кезде аталған барлық параметрлерге сай болуы қажет.

Ереже оны бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жарияланған күннен 21 күн өткен соң өз күшіне енеді.
Сонымен бірге, авиакомпанияларға өз қызметтерін халықаралық талаптарға сай етуге және Халықаралық қауымдастықтың аудитінен өтуге дайындалуға уақыт берілді. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IOSA) қауіпсіздік аудитінің өндірістік сертификатының бар екендігі жөніндегі талап 2015 жылдан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: newskaz.kz

5 наурыз 2013, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.