Атырау, 26 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ауғанстанда 33 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған кеңес армиясының жауынгері табылды

1 890 просмотра
1980 жылы кеңес әскерінің құрамында Ауғанстанға аттанып, із-түзсіз жоғалып кеткен Бахретдин Хәкімов осы елдің Герат провинциясында табылды.

 Осыдан 33 жыл бұрын Самарқанд (Өзбекстан) қаласының тумасы Б.Хәкімов 101 мотоатқыштар полкына алынып, Ауғанстанға аттандырылған болатын. Сол жерде болған әскери іс-қимыл шаралары барысында ауыр жараланған. Алайда жергілікті тұрғындар оны құтқарып қалды. Ауылдың бір ақсақалы Б.Хәкімовты емдеп, ол халықтық медицинаның арқасында сауығады. Бұдан кейін кеңес әскерінің жауынгері Шейх Абдулла  есімін иемденіп, осы жерде қалып қояды. Шаңырақ көтереді. Алайда балалары болмайды. Бірнеше жыл бұрын оның зайыбы көз жұмған. Қазіргі кезде Б.Хәкімов көшпелі өмір салтын ұстанып, өзін ажалдан аман алып қалған ақсақал сияқты ем-доммен айналысады. Б.Хәкімов  фотосуреттерден бұрынғы кеңес әскерінің із-түзсіз жоғалып кеткендер тізіміндегі екі жауынгерін танып, оларды Ауғанстанда кездестіргенін айтады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 наурыз 2013, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.