Атырау, 5 қазан 15:09
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақ қызы "Ресей аруы - 2013" атанды

6 674 просмотра

"Ресей аруы - 2013" атағын жеңіп алған қазақ қызы Эльмира Әбіразақова.Мәскеуде елдің ең сұлу қызын таңдауға арналған байқау өтті. Кең-байтақ орыс жерінің түкпір-түкпірінен келген 50 ару «Барвиха Luxury Village» концерт залында бас жүлдені сарапқа салды. Десек те, олардың арасынан бағы жанып, «Ресей аруы – 2013» атағын қазақ қызы Эльмира Әбіразақова жеңіп алды.

Елді елең еткізген он сегіз жастағы қандасымыз Междуреченск қаласы­ның тұрғыны. Новосібір қаласындағы Сібір Жол қатынастары университе­тінің студенті. Қарапайым оқытушының отбасынан шыққан. Туған жері – Қа­зақстан. Үш жасында ше­шесімен Ресейдің Куз­басс өлкесіне қоныс аударған. Анасы Ольга Пшенич­ни­ко­ваның айтуына қара­ғанда, қызының әкесі қа­зақ. Қазір де Қазақстанда тұрады.

Алғашында өзі оқитын Новосібір қаласында бол­ған арулардың бәйгесін­де көрермен көзайымына айналған сұлу Мәскеуде өтетін бүкілресейлік ару­лар байқауына жолдама алған-ды. Ақыры бас бәй­гені иеленді. Ол басына ки­ген таза ақ алтын, жақұт, бриллиантпен апталған тәж­дің құны миллион доллар­дан жоғары екен. Оған қоса, 100 мың доллар және Hyun­dai Solaris жеңіл көлігіне ие болған ару алдағы уақыт­та Ресей атынан «Әлем аруы» және «Ғаламшар аруы» байқауына қатысуға мүм­кіндік алды. Шешесі орыс болғанмен заты да, аты да қазақ бойжеткеннің Ресейдің ең сұлу қызы ата­нып жатқаны исі қазақ үшін мақтаныш.

Дереккөз: aikyn.kz

5 наурыз 2013, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.