Атырау, 25 сәуір 17:38
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бес қазақстандық Forbes бойынша планетаның ең бай адамдарының тізіміне енді

1 827 просмотра

АСТАНА,   5  нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Бес қазақстандық 2012 жылдың қорытындысы бойынша Forbes журналының болжамы бойынша планетаның ең бай адамдарының тізіміне енді, деп хабарлайды Forbes –Қазақстан басылымы.  

Осы жылы Forbes-тың рейтингіне «Қазақмыс» корпорациясының перзиденті және ірі акционер Владимир Ким енді,  ол2,3 млрд. долларымен 641-інші орынға орналасты, 670-інші позицияда 2,2 млрд. долларымен ҚР Президентінің бұрынғы Іс басқарушысы Болат Өтемұратов тұр.  2,1 млрд. дәулеті бар кәсіпкер Алиджан Ибрагимовқа 704-інші орын берілді. Ал ерлі-зайыптылар Динара мен Тимур Құлыбаевтар 1,3 млрд. доллармен 1107-інші орында орналасуда.

Forbes-тың тізімі 2013 жылы жаңадан 210 есіммен толығып, барлығы 1426 адамды қамтыды. Әлемнің ең бай адамдарының жалпы капиталы 5,4 трлн. долларды құрады, өткен жылы ол 4,6 трлн. доллар болды.

Әлемнің ең бай адамы қайтадан мексикалық телекоммуникациялық магнат Карлос Слим болды, оның дәулеті 73 млрд. долларға бағалануда.

Дереккөз: newskaz.kz

5 наурыз 2013, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.