АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев Қазақстандағы атом электр стансасы Ақтауда салынуы мүмкін екенін айтты.
«Бұл станса Маңғыстау облысының Ақтау қаласында болуы ықтимал. Өйткені, онда персонал да және инфрақұрылым да сақталған»,-деп атап өтті ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте.
В. Шевелевтің сөзіне қарағанда, аталған станса өзін жақсы көрсете білген реакторлардың базасында салынбақ.
«Атап айтқанда, халықаралық тендер жарияланып, барлық ұсыныстар қаралады. Тиісті тыңдаулар ұйымдастырылып, халықаралық сараптамалар жүргізіледі»,-деді ол.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау +4