Атырау, 22 қараша 23:56
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Джон Керри сириялық көтерілісшілерге $60 млн бөлгізуге уәде берді

1 551 просмотра

Reuters хабарлағандай, Джон Керри бұл мәлімдемесін Сирия ұлттық коалициясының жетекшісі Муаз әл-Хатыбпен Римде кездескеннен кейін жасаған. Бұл арада Башар Асадтың режимімен күресіп жатқан оппозицияға АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек түрінде көмек беретіні және көтерілісшілердің қолына өткен аумақта инфрақұрылымды қалпына келтіруге жәрдемдесетіні жайында сөз болып отыр.

Бұған қоса, көршілес елдерге бас сауғалаған, атап айтқанда, Түркияны, Ливанды, Иорданияны және Иракты паналаған сириялық босқындарға да көмектесетініне уәде берді.

The New York Times газетінің дерегіне қарағанда, америка әкімшілігі сириялық оппозицияға көмек көрсетуде мұнымен ғана шектеліп қалмайтын тәрізді. АҚШ мамандары сириялық жауынгерлерді әскери өнерге баулып, қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етеді. Әзірге көмектің бұл түрі беріле қоймайды.

Көтерілісшілер АҚШ-тың бұл қадамын құптап отыр. АҚШ тарапынан жеткізілетін қару-жарақ күштердің арасалмағын өзгертіп, азаматтық соғыстың тезірек аяқталуына септігін тигізуі мүмкін.

Дереккөз: muslim.kz
 

2 наурыз 2013, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.