Атырау, 7 қазан 10:11
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Президент Жарлығымен республикадағы мерекелер тізімі Отбасы күнімен толықты

3 225 просмотра

АСТАНА. 2 наурыз. BAQ.KZ - Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізілді. Осы толықтыру негізінде еліміздегі атаулы күндер қатарына тағы бір мереке қосылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республи­касы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесіндегі:

3-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

«21-1. Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 1 наурыз, № 511

Дереккөз: baq.kz 
 

2 наурыз 2013, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.