Атырау, 5 желтоқсан 08:57
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тәжікстан ресми түрде ДСҰ мүшесі болды

2 465 рет қаралды

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі күннен бастап Тәжікстан ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды, деп хабарлады РБК жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы бұдан бұрын республиканың сыртқы істер министрлігі хабарлаған болатын Осы жылғы 9 қаңтарда ел парламенті Тәжікстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады. Хаттамаға 2012 жылғы 10 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен ДСҰ бас директоры Паскаль Лами қол қойған болатын. 4 ақпанда республика өкілі Тәжікстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы грамотаны осы ұйымның Женевадағы хатшылығына тапсырды.

Сонымен, Тәжікстан Қырғызстаннан кейінгі ДСҰ-ға кірген Орталық Азиядағы екінші республика болып отыр.
Дереккөз: inform.kz

2 наурыз 2013, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.