Атырау, 25 қараша 12:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өртенген көліктің орнына жаңа көлік бұйырды (фото)

4 100 просмотра

Бүгін, 1 наурызда шамамен сағат 14-те теміржол вокзалының маңындағы «Лимон» сауда үйінің қасында Қызылқоға ауданындағы Миялы селосының «Арман» Мәдениет үйіне тиесілі УАЗ көлігі жолаушылардың заттарымен бірге толығымен өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

Қызылқоға аудандық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары Гүлжихан ДҮЗБАЕВАНЫҢ айтуынша, көлік ішінде 28 ақпанда М. Өтемісұлы атындағы драма театрындағы көркемөнерпаздардың есеп беру концертіне қатысқан аудан әртістерінің музыкалық аспаптары мен киім-кешектерінің бір бөлігі болған. Айтпақшы, осы концертте аудандық мәдениет бөлімінің өкілдеріне жаңа «Нива-Шевролет» көлігінің кілті табыс етілген екен. Ескі өртенген машинаның орнына жаңа көліктің дер кезінде бұйырғанын айтсаңызшы...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 наурыз 2013, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.