Атырау, 23 қараша 09:04
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Наурыз айында дизель отынының бағасы 102 теңгеге дейін қымбаттайды, жағар-жанармай бағасы өзгермейді - ТМРА

1 873 просмотра

АСТАНА, 1 нау – Қазақстан жаңалықтар АА.  Жаздық дизель отының бағасы литріне 102 теңгеге дейін қымбаттайды, деп хабарлады Астанада өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа.

Төраға орынбасарының түсіндіруінше, дизельдік отынның бөлшек саудадағы баға деңгейі Мұнай және газ министрлігінің ұсынысы бойынша қайта қаралған. Бұл ретте бағаны қайта қарауға дизель отынының Қазақстаннан тысқары шетке әкетілуіне қатысты тәуекелдері сеп болса керек. Ал осы мәселеге қатысты тиісті бұйрық Мұнай және газ министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің қарауында жатыр.

«Дегенмен, «АИ-80»  және «АИ-92» маркалы бензиндерге баға өзгеріссіз, литріне 89 және 110 теңге шамасында қалатын болады», - деді төраға орынбасары.

Дереккөз: newskaz.kz

 

1 наурыз 2013, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.