Панаманың Америка мемлекеттері ұйымы жанындағы бұрынғы елшісі Гильермо Кочес Венесуэла президенті Уго Чавестің миы өліп қалғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА «Новости».
Осы ретте Кочес әйгілі Уго Чавестің миы өлі халге жеткені туралы мәлімдейтін құпия ақпараттың 2012 жылғы 30 желтоқсанда тіркелгенін айтады. Бұрынғы елші сондай-ақ Венесуэла президентінің бұдан бірер күн бұрын жасанды демалдыру аппаратынан да ажыратылғанын баяндады.
Ал Чавес өткен аптада Гаванадан Каракстағы әскери госпитальға жеткізілген еді. Кочес Куба билігінің оны жасанды демалдыру аппаратынан ажыратқылары келмегенін де сөз етті. «Президенттің өмірін сақтап тұрған аппарат шамасы бұдан төрт күн бұрын алынған сияқты». – дейді тағы бұрынғы елші. Ол бүгін-ертең Венесуэлада жаңа президентті сайлау мерзімінің жарияланып қалуы мүмкін екенін де айтып отыр.
Уго Чавес соңғы екі айдың көлемінде онкологиялық операциядан кейін Кубада ем алуын жалғастырды. Осы уақытта ол бірде-бір рет теледидардан көрсетілген емес. Кейінірек Чавестің денсаулығы жақсара бастағаны айтылды. Соның алдында билік Венесуэла президентінің аурухана палатасында қызымен бірге отырған суреттерін жариялады. Ал Кочес бұл суреттердің шындыққа жанасымды екеніне күмән келтіреді. Дипломаттың өзі болса, Панаманың Америка мемлекеттері ұйымы жанындағы елшісі қызметінен 2013 жылдың басында босатылған болатын.
Дереккөз: egemen.kz