Фото дерек көзі: lenta.ru Франция билігі француз әскери қызметшілерінің Малидегі миссиясын шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды lenta.ru.
Бұған дейін француздық билік наурыз айында өз әскерлерін алып кетіп, Малиге бақылауды жергілікті билік пен Батыс Африка елдері экономикалық қауымдастығының әскери қызметшілеріне тапсырамыз деп мәлімдеген болатын. Алайда, соңғы кездері Малиде жанкештілердің жарылысы, кепілге адам алу және өзге де партизан соғысының әрекеттері жиілеп кетті. Француздық әскерилердің ел аумағында қалуына осы себеп болып отырғанын айтуда. Франция билігі Мали үкіметі шілде айында сайлау өткізеді деп үміттеніп отыр.
Франция өз әскерлерін елдің бұрынғы колониясының аумағына 2013 жылғы қаңтарда кіргізген болатын. Өткен уақыт ішінде Франция аталмыш кампания үшін 100 млн еуродан астам қаржы жұмсады. Қазір Африка республикасының аумағында шамамен 5,4 мың француз сарбаздары бар.
Франция араласқаннан соң, 2013 жылғы ақпанға дейін біріккен француз және малилік әскер көптеген қалаларды азат етті. Көтерілісшілер елдің солтүстігіндегі құмда жасырынып, партизан соғысын жариялады және соңына дейін күресетіндерін мәлімдеді.
Дереккөз: bnews.kz