Атырау, 23 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдері берілмейтін болды

7 647 просмотра

Жеке тұрғын үй құрылысын салуға тегін жер телімдерін беру тоқтатылады.

Жаңа Заң жобасы мақұлданса, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы жер телімдерін оңды-солды үлестіруге шектеу қойылады. Аталған жаңашылдық жер қатынастарын реттеу туралы Заң жобасына енгізілді. ҚР Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Қадырхан Отаров ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттарын Заң жобасымен таныстыру барысында осылай деді. Ал биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін кезекке тұрып үлгергендер тиесілі жерді алады. Олардың өтінішін қанағаттандыру үшін 90 мың гектар бос жер қажет. Сондай-ақ, кездесуде 2014 жылға дейін мақсатсыз пайдаланып келген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады делінді. Мысалы, ауылшаруашылығының қажеттігін өтеуге 90 миллион гектар жер бөлінсе, оның 8 миллионы мақсатсыз пайдаланылған.

Қадырхан ОТАРОВ, ҚР Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі күнде қалалардың жоспары бойынша 55 мың жер беруге жер қарастырылған. Оған мәселен тек қана қаланың ішіндегі жерлер ғана алынды. Калған жерлерде оның инфраструктурасы, жері болмаса, оған халықты кезекке қоя бергенмен қоғам жеңе ме, одан жұмыс бола ма? Соған байланысты бүгін шындықты айтып отырған жағдай бар.

Дереккөз: 24.kz

28 ақпан 2013, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.