Атырау, 13 қазан 07:03
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ертеңнен бастап ұялы байланыс арзандайды

2 869 просмотра
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті «Қазақтелеком» АҚ-ның оператораралық және ұялы байланыс қызмет құнына сараптама жүргізуді аяқтады.

Тексеру қорытындысы  бойынша   ұялы  байланыс  нарығында  үстемдігі  басым  «Ксеll» АҚ-ға  және «Кар-Тел» ЖШС-ға  2013 жылғы 1 наурыздан бастап  ұялы  байланыс қызметінің  шекті  тарифтерін  орташа  есеппен 17  пайызға арзандату  қажеттігі жөнінде ұйғарым жіберілді.  Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Егер бүгінгі  күні «Ксеll» АҚ  және «Кар-Тел» ЖШС абоненттері үшін желіішілік шығыс қоңырауларының шекті  құны  1 минут  үшін 18 теңгені (Қосымша құн салығынсыз) құраса,  2013 жылғы  1 наурыздан бастап 15 теңгені құрайтын болады. Қазақстанның басқа  операторларының желілеріне (бекітілген және  ұялы байланыс) шығыс қоңырауларының шекті  құны  1 минут  үшін 35 теңгеден  29 теңгеге   дейін арзандауы тиіс. Сонымен бірге, мобильді  интернеттің  1 Мб үшін ең жоғары  құны 4 теңгеге арзандап, ол  18 теңгені құрайтын болады», - делінген хабарламада.

Тоқтала кететін жайт, Байланыс және ақпараттандыру  комитетінің  2011 жылы жүргізген  сараптама жұмыстарының нәтижесінде  «КаР-Тел» компаниясының желіішілік  сөйлесу  құнының шекті  тарифі  орташа  есеппен 31 пайызға, ал басқа  операторлардың желілеріне қоңырау  соғу  құны орташа  есеппен 20  пайызға арзандатылған еді.  2012 жылы  жүргізілген дәл осындай сараптама  жұмыстарының қорытындысында «Ксеll» АҚ-ның абоненттері үшін басқа операторларға  қоңырау соғудың шекті тарифі 12 пайызға арзандатылған болатын.

«Сонымен қатар, Байланыс және ақпараттандыру  комитетінің  «Қазақтелеком» АҚ-ның бекітілген байланыс операторлары үшін транзиттік ұялы телефон трафигін өткізу қызметіне жүргізген сараптама қорытындысына сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ-ның желісіне жергілікті деңгейде  қосылған  бекітілген байланыс қызметінің операторлары  үшін («Транстелеком» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Свим» ЖШС, «Sky Silk» ЖШС, «Netring Service» ЖШС және  басқалары) 2013 жылғы 1 наурыздан бастап ұялы трафикті өткізу қызметінің тарифі орташа есеппен 25 пайызға арзандайды.  Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ жергілікті телефон байланысының  операторларына  «Кселл» АҚ және  «Кар-Тел» ЖШС  үшін 1 минутына 19,05 теңгеден 16,97 тенгеге «Алтел» АҚ мен  «Tele2» ЖШС үшін  1 минутына  с 19,05  теңгеден 11,61 тенгеге арзандатады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 ақпан 2013, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.