Атырау, 11 қазан 10:13
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Спортшыларымыз жарады

1 932 просмотра

22-24 ақпанда Алматыда муай-тайдан ел чемпионаты өтті. Біздің өңіріміздің намысын «Қайсар» және «Алан» (Доссор) клубтарының спортшылары қорғады.

- Чемпионаттың деңгейі өте жоғары,- дейдіжаттықтырушы Айбат РАХМАН.– Муай-тайдан әлемдік рейтингте Қазақстанның Тайланд, Украина және Белоруссиядан кейін төртінші тұрғаны мұның айғағы болса керек.

Атыраулық спортшылардың осы турнирде жеткен табыстары да қуантарлық. Ищан ҒАЛИЕВ пен Арманбек ӘНУАРОВ чемпион болса, Бақытжан КАРИМОВ күміс медаль, Ғалымжан ҚАЛИМОВ қола ұтып алды. Сонымен қатар, Ғалиев «Ең үздік техникасы үшін» сыйлығына ие болды.

- Енді Қазақстан құрамасы 13-17 наурыз аралығында Стамбұлда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындалады, - дейді А. Рахман.– Оның құрамына Ищан мен Әбіл Ғалиевтер және Аман Қабдоллаев қосылды. Олар турнирге Алматыда болатын оқу-жаттығу жиындарында дайындалады.

Спортшыларды жарыстарға дайындап жүрген бірге жұмыс жасайтын бір топ бапкерлерді атап өткен жөн: Бақытжан Мұхамбеталиев, Нұрберен Әміржанов, Мейрам Ғалиев және Айбат Рахман. Сапарды ұйымдастыруға ата-аналар комитеті мен облыстық туризм және спорт басқармасы көмек көрсетті.

Анастасия ПАСТУХОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.