Атырау, 2 қараша 22:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

«Бейбарыс» балалар ұжымы «Наурыз Кубогына» дайындалуда

2 893 просмотра

22 наурызда Мұз сарайында «Наурыз Кубогы» республикалық балалар хоккей турнирі басталады. Оған еліміздің жетекші балалар хоккей командалары қатысады деп күтілуде. Біз «Бейбарыс» балалар командасының бапкерлері Андреас СВИТИНС пен Робин АДАМСОНМЕН (суретте) әңгімелестік.

- Айтыңызшы, командаға қалай келдіңіз?

Андреас: -Мен 29 жастамын. Атырауда қаңтардың ортасынан бері жұмыс жасаймын. Латвиядан келгенмін. Өзім туралы айтсам: 13 жасымнан бастап Рига қаласының «Латвия Берс» командасында және Латвия құрамасының жасөспірімдер құрамында ойнадым. Содан кейін АҚШ-қа кетіп, екі жыл Миннесота және Дейтон қалаларының жасөспірімдер командалары сапында болдым.  Содан кейін Бостон мен Нью-Йорк кәсіпқой командаларында  өнер көрсеттім. 9 жыл бұрын жарақат алуыма байланысты бапкерлік жұмысқа ауыстым. АҚШ және Швецияның түрлі қалаларында балалар спорт лагерьлерінде хоккейшілер командаларын жаттықтырдым. «Бейбарыстың» бас бапкері Александр ИСТОМИН «Бейбарыс» балалар командасын жаттықтыруға шақырып телефон шалғанда, мен Норвегияда балалар командасына бапкерлік жасап жүр едім.

Александр екеуміз өткен жылы «Бейбарыс» оқу-жаттығу жиынын өткізген Латвияда таныстық. Мен оған команда құрамына финн Карри Сихвоненді, чехтар Томаш Хорн, Витеслав Билак және тағы басқаларын алуды ұсынғанмын. Бұл уақытта менің норвегиялықтармен келісімшартым аяқталған еді, келісе кеттім.

Робин:- Менің жасым 23-те. Мен ОАР-дан келдім, ол жақта әуесқой хоккей командасында ойнадым. Менің әкем Атырауда мұнай компаниясында жұмыс жасайды. Спорттық дайындығымды жоғалтып алмас үшін Мұз сарайында жаттығу жасауға келіп жүргенмін. Жаңа жыл қарсаңында «Бейбарыстан» балалар бапкері Владислав Хромых кеткенде, команда басшылары менен уақытша балалармен шұғылдануды сұрады. Андреас келгеннен бері бірге жұп болып жұмыс жасаймыз: ол тәжірибелі ойыншыларды, мен жаңадан бастаушыларды жаттықтырамын.

- «Наурыз Кубогында» бәрін жеңе аламыз ба?

Андреас: - Әрине, қолдан келгеннің бәрін істейміз. Оңай болмайды. Қазір менде не бары 50 бала бар. 6 жасарлар 15 жасарлармен бірге ойнайды. Конькиді бірінші кигендермен аз да болса тәжірибесі барлар бірге жаттығады. Кішілері бір жаттығуды жарты сағат жасаса, үлкендері тез жасап бітіріп, оларды күтіп қалады.

Бұл жағдайда Робиннің көмегі зор. Біз команданы екіге бөлдік: тәжірибесі барлар және аздар. «Наурыз Кубогында» екі құрамды да ойнатамыз деп үміттенеміз.

Тағы бір қиыншылық, жергілікті мектептерде бір жастағы балалар әр түрлі уақыттарда оқиды. Робин екеуміз балаларды оқу уақыттары бойынша да бөлеміз. Тек сенбіде ғана балаларды түгел жинап, тактикалық дайындықпен шұғылдануға мүмкіндік туады.

- Секцияға балаларды жазу жалғасып жатыр ма?

- Әрине, үйренгісі келгеннің бәрі келе берсін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.