Атырау, 11 желтоқсан 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Соғыс туралы декрет» өз күшінде

3 028 просмотра

Декреттік төлемдерді қысқарту туралы жаңа заңға белсенді түрде қарсылық көрсетіліп, қазақстандық әйелдердің бұл министрлікті тазарту министрлігі деп атап, «жылдың бала көтеруге қарсы үздік шарасы» номинациясына ұсынып жатқандығына қарамастан, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ешқандай шара алып жатқан жоқ. Адамдар митингке шығуға дайын отыр.

Жаңа заң бірден наразылық тудырды («АЖ» №8, 21.02.13 ж. («Әйелдерге жасалған “сыйлық”», «Соғыс туралы декрет» жарияланымдарын қараңыз). Наразылық шеруіне бірінші боп «Хочу рожать!», «Не дадим себя обобрать!», «Не ходи рожать, девица!» деген жазуы бар ақ майка киген және қолдарына «Рожать нельзя сдаваться», «Достойные декретные всем матерям Казахстана!» деген плакаттар ұстаған Алматының әйелдері шықты. Бұл митингке рұқсат етілмесе де, тәртіп сақшылары жүкті әйелдерді қуып таратуға тәуекел ете алмады.

Тек мұнымен шектелмей, әйелдер ел президентіне ашық хат жолдады. Әлеуметтік желілерде жаңа заңға қарсы топқа қатысушылар лезде көбейді. Фейсбуктегі топ жабық күйде болды – бұл мәжбүрлі шара еді. Өйткені идеяның беделін жоюға тырысқан «тролли» пайда болып, мұны «қаракүзен ішіктердің», яғни мемлекеттен майлы шелпек үлесін алып қалуға әрекеттенген ауқатты әйелдердің бүлігі ретінде көрсеткісі келді. Бұл үлестің әйелдер табысының жарналарынан тұратыны есепке алынбады.

Адамдар – ерлер мен әйелдер (жүкті болуы міндетті емес) - өзгерістердің заңдылығын, сонымен қатар өздерінің әрі қарайғы әрекеттерін талқыға салуда. Енді сөзден іске көше бастады: тап қазір бізде азаматтық қоғамның қалыптасу процесі басталып жатыр. Бұл процесс баяғыда-ақ басталуы тиіс еді. Біздің ардагер-қарияларымыздың және мүгедектеріміздің жеңілдіктерін алып тастап, орнына мардымсыз жәрдемақылар берген кезде қозғалуымыз керек еді. Ресейліктер өз қарияларын қорғап қалды, ал біз үнсіз қалдық. Мұндай мысалдар жетерлік. Ақырында адамдар біріге бастады. Қалай дегенмен де, әңгіме біздің балаларымыз туралы болып отыр ғой. Бір мәселеге шектеу жасай бастаған шенеуніктердің мұнымен тоқтап қалуы неғайбыл. Содан кейін олар 1 жасқа дейінгі балаларға берілетін әлеуметтік төлемдерге ауыз салуы, содан соң мүгедектер өте көп ақша алады екен деп, ал ажырасулар болмас үшін алименттерді қысқарту керек деуі әбден мүмкін. Қазір кейбір қалаларда рұқсат берілетін митингтерге шығу үшін өтініштер беруге қол жиналып жатыр. Астана тұрғындары 2 наурызда митингке шықпақшы. Атырауда, біздің ақпаратымыз бойынша,  7 наурызда Исатай-Махамбет алаңында митинг өткізуге өтініш берілмек.

«Казпотребнадзор» қоғамдық бірлестігі өз тарапынан Қазақстан үкіметіне ашық хат жолдады. Онда жүктілікке және босануға байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер деңгейін азайтуды 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдыруды ұсынған. Алайда әзірге бұған қатысты ешқандай жауап жоқ.

- Бізге министрліктен заңды қолдануды кейінге қалдыру туралы ешқандай бұйрық келіп түскен жоқ, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облыстық департаменті директорының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА. Егер бізге 18 ақпаннан бастап декретке шыққан әйелдер хабарласса, онда жүктілікке және босануға байланысты демалыстар төлемі жаңаша есептелетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.