Атырау, 9 желтоқсан 22:24
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Алты бірлестіктің жұмысы тоқтатылды

1 644 просмотра

25 ақпан күні «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында дәстүрлі емес діни ағымдар проблемасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Атырау облыстық дін істері департаментінің бас маманы, теолог Нұралы ҚАЙРАНБАЕВ пен облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Еркебұлан ҚАРАҚҰЛОВ бүгінде салафизмнің таралуының алдын алу мақсатында қандай іс-шаралар алынып отырғанын сөз етті.

- Өткен жылы мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында және басқа да мекемелерде 200-ден астам насихаттық шара жүргізіліп, 7 мың адам қамтылды. Сондай-ақ, үнемі сараптама жұмыстары жасалып отырды. Былтыр біздер облыстағы жұмыс істеп тұрған барлық 45 діни бірлестікті қайта тіркеуден өткіздік. Сол кезде олардың ішінде 39-ы ғана тіркеуден өтті, ал алтауы таратылды, - дейді Н. Қайранбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ҰҚКД-нің ресми мәліметі бойынша облыста дәстүрлі емес діни ағымдағы, яғни салафизм, вахаббизм бағытын ұстанған 1 300 адам тіркелген.

- Біз әлі де барлық мектепті жүз пайыз насихаттық шаралармен қамти алмай жатырмыз.Осыған байланысты мен облыс имамына бірде-бір елді мекенді қалдырмай, шалғай ауылдарға шығып, насихат жүргізуге ұсыныс жасадым. Себебі, христианның Иегово куәгерлері секілді діни ағымдардың өкілдері шалғай ауылдарда тұратын халықты шоқындырып жатады, -дейді Е. Қарақұлов.

Айнұр САПАРОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.