Атырау, 25 қараша 12:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құны 20 миллиард зауыт

1 440 просмотра

Инвесторлар Атыраудан қатты тұрмыстық қалдықтар өңдеу зауытын сала алады. Бұл туралы Жайық-Каспий Орхусс Орталығы ұйымдастырған жасыл экономика принциптері бойынша өткізілген дөңгелек үстел барысында айтылды.

«Атырау» ӘКК директоры Абат ТАСИМОВТЫҢ айтуынша, қазір Ростов облысындағы «Мегатехник» ресей-герман кәсіпорнымен келіссөздер (50/50) жүргізілуде. Қатты тұрмыстық қалдықтарды экология қауіпсіз кәдеге жарату зауытын салу құны 20 млрд теңге құрайды деп болжанып отыр.

- Жобаны қаржыландыруды инвестор толығымен өз мойнына алды. Ол түгелімен неміс жабдығында жұмыс істейді. ӘКК-ден алаңы 5 га болатын, дамыған инфрақұрылымы мен корпоративтік кепілдемесі бар жер телімін  бөлеміз. Зауыт іске қосылғаннан кейін өндірілген энергиялық ресурстар қала халқы мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне пайдаланылатын болады, - деп әңгімеледі Тасимов.

Сонымен қатар Атыраудан қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр стансасын салу жоспарланып отыр. Тасимовтың айтуынша, ол да инвестордың қатысуымен жүзеге аспақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.