Атырау, 6 желтоқсан 02:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мұнай дағы үшін айыппұл

2 055 рет қаралды

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не, сонымен қатар осы кәсіпорынның лауазымды тұлғасына барлығы 400 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

2012 жылдың 20 желтоқсанында Атырау – Астрахан тас жолынан 300 метр жерде Аққыстау поселкесіне жақын маңда орналасқан «Гран-Мартыши» кенішінің технологиялық тұрба құбырында мұнай эмульсиясының төгілгендігі анықталды. Төгінді алаңы 600 шаршы метр шамасын құрады.

Осы факт бойынша кәсіпорынның бас инженері мен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің өзін біз ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 250-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, тиісінше 43 275 теңге және 328 890 теңге мөлшерінде айыппұл салдық, - дейді Атырау облыстық Экология департаментінің Исатай ауданы бойынша инспекторы Қажығали НАУАНОВ. -Төгіндіден ластанған алаңды мұнайшылар тазартып, қалпына келтірді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.