Атырау, 11 қазан 11:26
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Марқұмның тағы бір шоты болған...

1 595 просмотра

Редакцияға қартайған туыстарын жерлегеннен кейін бірталай уақыт өтсе де, «Қазпоштадан» қайтқан кісінің есепшотында қалған қаражаттар жөнінде хабарламалар алған оқырмандардан шағымдар келіп түсуде.

- Мен анамды бес жыл бұрын жерлегенмін. Ол қайтқаннан кейін, жалғыз мұрагері ретінде оның мүліктерін өз атыма кері ресімдеп, есепшотындағы ақшаны алдым. Ал енді бірталай уақыт өткеннен кейін, маған шотта тағы ақша қалғаны, соны алу керектігі жөнінде хабарлама келді. Ал ақшаны түсіріп алу үшін мұрагерлік рәсімін кері ашып, көп құжат жинауым керек. Мен осылардың бәрін жасап болғанша, қаншама ақшам мен жүйкем жойылатынын ойласам, соңында «Қазпошта» шотында жатқан азғантай ақшаның маған керегі де болмай қалады, - дейді телефон арқылы Атырау қаласының тұрғыны Лариса Ч. – Бұл туралы «Қазпошта» қызметкерлері соншама жыл неге үндемей келген?

«Қазпошта» АҚ Атырау филиалының кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы Қансұлу ҚАРАБАЛИЕВА бұл мәселеге былай түсінік берді:

- Біздерде есепшот иелерінің өмірде бар немесе жоқ екендіктері жөніндегі ақпараттар жоқ. Ақшалы шоттың бар екені анықталса, біз шот иесін қалдық ақша жөнінде тіркелген мекенжайы бойынша хабардар етеміз. Егер бұл уақытта клиент қайтыс болған болса, ақшаны оның заңды мұрагерлері ала алады, алайда заңнамалардың барлық нормалары бойынша қажетті құжаттарды ұсынулары керек. Нақты осы жағдайда мұрагерлік туралы куәлік қажет. Осындай құқық белгілеуші құжаттары болмаса, ақша беруге біздің құқығымыз жоқ. Айта кетсек, ақша хабарлама жіберілген күннен үш ай мерзімге дейін есепшотта сақталады. Егер ақшаны алуға ешкім келмесе, ол «Қазпошта» АҚ орталық аппаратының шотына аударылады. Алайда клиент бұған қарамастан есептен шығарылған қаражатты кез келген уақытта келіп, ала алады. Егер оның құжаттары түгел болса, ақша алуда ешқандай қиыншылық болмайды.

Қанша осындай алынбай жатқан шоттар бар, олардың жалпы сомасы қандай екені жөнінде «Қазпошта» АҚ Атырау филиалы еш нәрсе айтпады.

Атырау облысы нотариалдық палатасының төрағасы Гүлнәр МАСАТОВА өз тарапынан бұл мәселені былайша түсіндірді:

- Бұрын мұрагерлік рәсім аштырған, қазір қайтқан кісінің ақшалы шоты бар екендігі ойда жоқта белгілі болған адамға жаңа мұрагерлік іс ашып керек емес. Бұрын мұрагерлік іс ашқан нотариусқа барып, ақшалы есепшот жөнінде хабарламаны немесе анықтаманы ұсыну қажет. Барлық деректерді тексерген нотариус мұрагерлік туралы қосымша куәлік береді.

Ал мұрагерлік рәсімнен өтпегендерге марқұмның есепшотынан ақша алу үшін мұрагерлік іс ашуға тура келеді. Мұрагерлік істі ашу туралы өтініш беруде құжаттарды жинаумен қатар мұрагер 917 теңге, мұрагерлік туралы куәлік алуда 1731 теңге сомасында мемлекеттік алым және нотариус техникалық және құқықтық сипаттағы қызметтер көрсетсе, тағы 5193 теңге, барлығы 6924 теңге ақша төлейді. Мұрагерлік туралы қосымша куәлік алуға келген адамның да осындай ақша жоюына тура келеді.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.