Атырау, 25 қараша 12:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі сынып қосылды

4 221 просмотра

Атыраудағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» келесі оқу жылында ашылып қалуы мүмкін. Бұл туралы бізге облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН хабарлады.

- Қазіргі уақытта ғимаратқа инфрақұрылымды жеткізу мәселелері шешіліп жатыр. «ҚазТрансГазАймақ» нысанды газдандыру жұмысымен айналысуда, электрлендіру мәселесі шешілді деуге болады, қаржыландыру көзі – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ боп белгіленді. Кәсіпорын тек мектепті ғана емес, жақын маңда орналасқан мұнай-газ салаларының мамандарын дайындау орталығын да қамтитын қосалқы стансаны өз мойнына алады. Сол бағытқа баратын жол салынды, - деп атап өтті Шыңғыс Мұқан. Әзірге мектеп басшылығы Кіші Өнер академиясының кеңсесінде орналасқан.

Атырау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» оқу үшін «Өркен» білім беру грантының иегерлері анықталды, олар 567 оқушы болды.

- Бастапқыда біз 24 сыныпты жинауды жоспарлаған едік. Бірақ конкурстық іріктеуден сәтті өткен балалар көп боп шықты. Нәтижесінде 26 сынып: қазақ тілді төрт және орыс тілді төрт  7-сынып, қазақ тілді бес және орыс тілді төрт 8-сынып, қазақ тілді төрт және орыс тілді бес 9-сынып жинақталды, - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының Атырау облысындағы өкілдігінің директоры Тавиля АКИМОВА.

Біз өткен жылдың қарашасында жаңа мектеп үшін қызметкерлерге конкурстық іріктеу жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз («АЖ» №50, 13.12.12 жыл, «Элитарлы және тегін» жарияланымын қараңыз). Конкурсқа 224 үміткер, соның ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің ғылыми дәрежелі оқытушылары, мектеп директорлары қатысты. 53 адамға мектепте жұмыс жасау ұсынылып, 11 адам резервке алынды, 17 адамға мектепке лаборант, куратор және тәрбиешілер ретінде жұмыс істеу ұсынылды. Алайда сол кездің өзінде мектеп басшылығы мамандарды іріктеудің екінші кезеңі қажет болатындығына сенімді болған еді. Қазіргі уақытта оқу орнына ағылшын тілі, математика, биология, информатика, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, бас есепші, есепші, экономист, заңгер және басқа да мамандар қажет болып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.