Атырау, 2 желтоқсан 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Грузияның президенті мемлекеттік күзеттен бас тартты

2 399 просмотра
Грузияның президенті М.Саакашвили мемлекеттік күзеттің арнайы қызметінен бас тартты.

Бұл туралы бүгін президенттік сарайда өткен брифингте грузин мемлекеті басшысының баспасөз спикері Манана Манджгаладзе мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, президент мемлекеттік күзеттің қызметінен бас тартуға бел буды, бүгіннен бастап президентті қорғау бойынша шара өткізілмейді.

М.Саакашвили бұл шешімді соңғы кездері президенттің жеке күзетін басқарған Теймераз Джанаштың орнына Анзор Чубинидзе келгеннен кейін қабылдады. Жаңа басшы бұған дейін премьер Бидзин Иванишвилидің жеке күзетшісі болған. Оның бұл лауазымға тағайындалуы жөніндегі жаңа бұйрыққа премьер қол қойды.

Грузия парламентінің шешімімен президент өкілеттігі шектелгендіктен мемлекеттік күзет премьердің құзыретіне өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 ақпан 2013, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.