Атырау, 26 сәуір 11:19
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Аудан жаңалықтары

4 487 просмотра

Нарыннан Атырауға

Жуырда Исатай ауданындағы Айбас, Мыңтөбе елді мекенінде тұрған 4 отбасы Атырау қаласынан баспанаға қол жеткізді.

Қоныстанып үлгерген 18 жан өздеріне берілген жайлы пәтерлерге риза. Жаңа қоныстанушылар арасында 10 баланы дүниеге келтірген батыр ана Бақыт пен 43 жылын қой соңында өткізген Құсайын ЖҰМАҒАЛИЕВ та бар.

***

Аудандық газетке - 60 жыл

Ақпан айында Исатай аудандық «Нарын таңы» газеті өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті.

Аудандық әкімдікте атаулы күнге орай тарихи шежіреге бай өлкенің журналистикасы мен баспа өндірісінің ардагерлері кездесті. Қатысушылар газеттің алғашқы сандарын және газет шығару процесі кезінде орын алған қызықты да шыжықты оқиғаларды еске түсірді.

***

Қызылқоға қызанақтары

Миялы селосының кәсіпкері Тұрлан БЕКЕШОВ голландиялық әдіспен жұмыс істейтін жылыжай тұрғызды.

0,04 га алаңды құрайтын жылыжайда қияр, қызанақ, көк жуа, аскөктер өсіріледі. Алғашқы өнім наурызда пісіп үлгереді.

***

Ветеринар көбейді

Осыдан үш жыл бұрын Махамбет ауданында мал дәрігерлері жетіспейтін. Алайда, өткен жылы ауданға бірден 9 ветеринар маман келді.

Олардың төртеуіне қызметтік пәтер бөлінді.  

- Келген мамандардың басым бөлігі - Атыраудағы агроколледжді бітірушілер. Осы жылы Батыс Қазақстан облысындағы Жәңгірхан университетінің студенті ауданға келмекші. Оның оқу қаржысы бюджеттен төленіп келді, - дейді Махамбет ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Қайреден НАУБАЕВ. - Ал зоотехник, агрономдарға сұраныс жоқ десе болады. Егер шаруа қожалықтары қажет етсе, ол мамандарды шақыртуға мүмкіндік бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.