Атырау, 25 қараша 12:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әскери билетті бір айда береді

9 202 просмотра

Біз осы жылдың наурыз айында әскерге бармаған жігіттер үшін бір айлық әскери дайындық курсы ашылатынын хабарлаған болатынбыз ( № 8 АЖ, 21.02.2013 ж., «Мұнай саласына қызығушылар көп»). Енді оқырмандардың тілегіне орай бұған кеңірек тоқталамыз.

«Әскери-техникалық мектебі» Республикалық МҚК штабының Атырау облыстық филиалы директоры Марат РАХМАНОВ әңгімелейді:

-Бұл әскери оқу курсы 2013 жылдың 11 ақпанында қабылданған үкіметтің № 118 қаулысы негізінде ашылған.

Әскерде белгілі бір себептермен борышын өтемеген 22-ден 27-ге дейінгі жас аралығындағы жас жігіттер шақырылады. Курсанттар бір ай бойына казармада жатады. Әр ай сайын біздер 30 адам, жылына 240 адамды қабылдаймыз. Курсты аяқтағандарға әскери атақ берілмейді, әскери билет пен соған сәйкес сертификатқа қол жеткізе алады. Әрі қарай әскери органдарға келісімшарт бойынша жұмыс жасауына болады. Олардың осы оқуға келместен бұрынғы жұмыс орны мен жалақысы сақталады. Бұл тәжірибе жалғыз бізде емес, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде де бар.

Ал еліміздің басқа да облыстарында басталған оқудың теориялық сабақтары үшін бір айға 152 сағат бөлінген. Бұдан басқа практикалық тұрғыда әскери оқу-жаттығулардың түріне: физикалық дайындық, ату, жүгіру, автомат, пулемет құрастыру т.б. жаттығады. Әскери билетті облыстық әскери комиссариаттан алған соң, олар жол полициясы басқармасына, өртке қарсы қызметке немесе полиция, т.б. қызметтерге орналаса алады. Ал оқу ақысына төленетін 210 мың теңге әскерлердің күнделікті тамақ, форма, гигиеналық құралдар, т.б. қызмет түрлеріне сай бөлінген.

Оқытушыларға соның 60 мың теңгесі тиесілі. Зейнет жасына шықса да, оқытушылардың бәрінде бірдей әскери білім болуы міндетті.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА        

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.