Атырау, 8 қазан 21:18
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жаңа тасымалдаушы - «АИС Транс Холдинг»

3 536 просмотра

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында тендер өткізіліп, қаладағы қоғамдық көлік тасымалдаушыларының тізіміне өзгерістер енді.

Конкурсты «АИС Транс Холдинг», «Ануарбек Транс», «Атырау Такси», «Айдын и К’» «Данияр и К’», «ЖайықСтройСервис» ЖШС, «Баймұханов С.М.» және «Қағазов Б.» ЖК ұтып алды.

Өткен жылдың 6 желтоқсанында 11 жыл бойына қалалық автобус маршруттарының басым бөлігіне қызмет көрсетіп келген «БатысТранспортСИМ» ЖШС (ел ішінде оны «Ахамандікі» деп атайды) басшылығы қалалық әкімдіктен қозғалыс құралының қажетті мөлшерінің жоқтығы және ескі автобустарды ауыстыру мен жөндеуге қаржының болмауы себепті  №№: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 15, 20, 21, 22, 30, 30 а, 50, 52 а, 56, 57, 64 және 65 маршруттарға қызмет көрсету келісімшартын бұзуды өтінген. Тендер қорытындысы бойынша бұрын «БатысТранспорт-СИМ»-де болған барлық маршруттар жаңа тасымалдаушы – «АИС Транс Холдинг» ЖШС-не өтті.

«АИС Транс Холдинг» ЖШС директоры Мақсот СҮЙІНОВТІҢ айтуынша, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімі оған коммуналдық меншіктегі орталық автобус маршруттарында жұмыс істейтін «Хендай» маркалы көпорынды 50 автобусты берген. Осындай 25 автобус «БатысТранспорт-СИМ»-нен жалға алынған («БатысТранспорт-СИМ» ЖШС кеңсесі бұрынғыша автобус паркінде). Олар №30 және 30 а маршруттарына қызмет көрсетеді. Қалған маршруттар бұрынғыша жоғарыда аталған басқа тасымалдаушыларға жалға берілген.

М. Сүйінов өз компаниясының ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектер мен оқушыларға арналған барлық жеңілдіктерді сақтап қалғанын атап өтті. Қала әкімі уәде еткен қала автобустарында жүру билетін енгізу үстіміздегі жылдың наурыз айында жоспарланып отыр.

Түскен ақшалар мен несиелік қаржыға «АИС Транс Холдинг» автобус паркін толықтыруды жоспарлаған. Кореялық «Дэу» мен «Хендай» автобустарына қытайлық «Ютонг» пен «XML» қосылмақ. Барлығы үстіміздегі жылы көпорынды 80 автобус сатып алу компанияның жоспарында бар. Алғашқы 20 автобус Атырауға биылғы жылдың мамырында жеткізілмек. Қалада автобустардың жетіспеуі қатты сезіледі. Кейбір, мәселен, №4 и №30 маршруттар «Газельмен» жүруге мәжбүр болып отыр...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.