Атырау, 30 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

60 миллионға алдап соқты

1 863 просмотра

Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «СтройКонтрактГрупп»ЖШС директоры азамат П-ға және басқа анықталмаған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Олар «АТГ-Құрылыс» ЖШС-мен «Редут-АГРС Финская» магистралды газ құбырын салу жұмыстарының бір бөлігін орындау туралы қосалқы мердігерлік келісімшарт жасап, өз жұмыс көлемдерін орындамаған және «АТГ-Құрылыс» ЖШС директоры азамат Б-ның сеніміне қиянат жасап, алдау арқылы 60 млн теңге сомасында ақшалай қаржыны иеленген деп хабарланады.

Өткен жылдың қыркүйегінде қаржы полициясы «АТГ Құрылыс» ЖШС директоры Жанболат ДҮЙСЕНБАЕВТЫҢ және «СтройКонтрактГрупп» ЖШС директоры Азамат ҚҰРМАНТАЕВТЫҢ қамауға алынғандығын хабарлағандықтан, осы департаментке сауал жолдаған едік. Сауалымызға жауап берген департамент бастығының бірінші орынбасары А. БІТІНБАЕВ әңгіменің «түрлі уақытта аталмыш ЖШС-ларға басшылық еткен директорлар» туралы болып отырғанын айтты.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 ақпан 2013, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.