Атырау, 4 маусым 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +31
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

«Оскар» сыйлығын берудің астарындағы саясат белгілі болды

2 500 просмотра
Иран «Жылдың ең үздік фильмі» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесін алған Бен Аффлектің «Арго» фильмін «антиирандық үгіт-насихат құралы» деп атады. Бұл туралы baq.kz хабарлайды. Фильмде 1979 жылғы Иран ислам революциясы кезінде Тегерандағы Канада елшілігінен америкалық дипломаттардың қашып шығу оқиғасы көрсетіледі.

Иранның мәдениет және ислам құндылықтары министрі Мұхаммед Хусейни «фильмнің көркемдік мәні жоқ» деп мәлімдеді. Ал мемлекеттік телеарналар «Аргоны» «ОББ-ға (ЦРУ) жарнама жасау құралы» деп атады.
Жартылай ресми Mehr агенттігі «фильмге «Оскар» жүлдесін беру Голливудта қандай саясаттың ықпалы жүретінін көрсетеді» деген тұрғыда пікір білдірді.

Фильм Иран кинотеатрларында көрсетілген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 ақпан 2013, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.