Оның кандидатурасына 58 сенатор дауыс берді, 41 - қарсы болды. АҚШ Президенті Барак Обама Хейгелдің кандидатурасын қаңтар айының басында ұсынған болатын. Бұл шешім кездейсоқтық болмады: Вьетнам соғысының 66 жастағы ардагері қорғаныс министрі лауазымына анағұрлым лайықты тұлға еді. Хейгел бұл қызметте Калифорнияға оралып, өзінің ауылында шаруашылықпен айналысуды жоспарлап отырған Леон Пенеттуді алмастырады.
Бұған дейін Хейгел Джорджтаун университетінде жұмыс істеді, бір мезгілде барлау мәселелері жөніндегі президенттің кеңесшілер тобының тең төрағасы болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат