Атырау, 11 қазан 16:27
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қырғызстан жылдың соңына қарай Кеден одағына кіруге әбден дайын болуы мүмкін

3 681 просмотра

АСТАНА, 26  ақп –Қазақстан жаңалықтары АА.  Биылғы жылдың соңына қарай Қырғызстанның Кеден одағына кіруіне барлық мүмкіндіктер бар, деп жеткізеді РИА Новости сейсенбіде республикадағы  Ресей елшісі Андрей Крутькоға сілтеме жасап.

Қызғызстан үкіметі Кеден одағына кіру туралы ниетін өткен жылғы көктемде хабарлаған болатын, қазіргі уақытта осы мәселе бойынша  шешім қабылданды, тараптар ұстанымдарының келісімдерімен  айналысатын жұмыс тобы құрылды.

"Қырғызстан – еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестер жолында тұрған "үштіктің" (Ресей, Қазақстан, Белоруссия)  соңынан ерген келесі ел. Қазір қырғыздық экономика, жергілікті заңнама Кеден одағына енуге дайын болуы үшін белсенді жұмыс жүргізілуде . Объективті түрде бұл үшін база бар, менің ойымша, жылдың соңына қарай  Қырғызстан осы кіру жұмыстарына дайын болады ", - деп мәлімдеді ресейлік елші.

Дереккөз: newskaz.kz

26 ақпан 2013, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.