Атырау, 11 желтоқсан 21:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Таблиғи Жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, ҚР-да оның қызметі тоқтатылды –Бас прокуратура

8 916 просмотра

АСТАНА, 26  ақп –Қазақстан жаңалықтары АА.  Астана қаласының аудандық сотымен «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасында тыйым салу туралы шешім шығарылды деп хабарлайды сейсенбіде Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

«2013 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы прокуратурасының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасында тыйым салу туралы шешім шығарылды»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шешімді шығару барысында көрсетілген ұйымның қызметінің экстремисттік бағыттығы жөніндегі қолда бар материалдармен қатар «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымы Ресей Федерациясында, Өзбекстан Республикасында және Тәжікстан Республикасында сот тәртібімен экстремистік деп танылғаны және тыйым салынғаны назарға алынды.

Дереккөз: newskaz.kz

26 ақпан 2013, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.