«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ хабарламаларының жалған болу, қолдан жасалу жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты халықтан қырағылық танытуды сұрайды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
Банк «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-та қандай да бір операциялар жүргізген кезде беймәлім адамдардың делдалдық немесе басқа да қызметтерін пайдаланбауды ұсынады, - делінген банктің сайтында.
Барлық қызықтыратын сауалдар бойынша Банк филиалдарынан және 8-8000-801-880 телефоны бойынша Банктің Call-орталығынан, сондай-ақ Банктің агенттері арқылы кеңес алуға болады.
Дереккөз: bnews.kz