Жексенбі күні кешкісін Депардье Грозныйға ұшып келді, онда актерді республика басшысы өзі қарсылап алды.
Қадыров француз актерін республикаға қоныстануға шақырған болатын, мұнда «ұлы мәдениет қайраткеріне лайықты жағдай жасалады» деп уәде еткеніне қарамастан Депардье Мордовияға ат басын тіреуді ұйғарыпты. Атақты актер Қадыровпен кездесуден кейін Шешенстан туралы фильм түсірмек ойын жеткізді.
Дереккөз: inform.kz