Атырау, 26 желтоқсан 19:23
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тұмау емес, суық тигізген

1 985 просмотра

Құбылмалы ауа райы балалар арасындағы аурушаңдықтың өсімін арттырды, алайда эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаумен ауырған бірде бір ауру тіркелмеген.

Өткен жылдың 1 қазанынан бері Алматыдағы Ұлттық референс-зертханаға тұмау деп болжанған 331 жағынды жіберілген, алайда бірде бір жағдайда диагноз анықталмады. Ал өткен жылғы эпидемиялық маусымда (2011 жылғы 1 қазаннан 2012 жылғы 1 сәуір аралығында) H1N1 тұмауының 2 жағдайы тіркелген-ді. Екі ауру да ауруханаға жатқызылып, емдеу еш қиындықсыз өтті.

Соңғы аптада 128 пациентке ӨРВИ диагнозы қойылды, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 107 бала бар. 362 жағдай тіркелген өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда, биыл аурушаңдық едәуір төмен.

- Біз тек тұмау мен асқынған ӨРВИ-ді (пневмания, ларингит және т.б.) ғана тіркейміз, қарапайым ӨРА есепке алынбайды, - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Әлия НҰРЖАНОВА.

Өткен жылдың қазанынан бері облыс орталығының 36769 тұрғынына (15%) тұмауға қарсы екпе жасалды. Олардың 9822-сі бюджет есебінен (жиі ауыратын және диспансерде есепте тұрған балалар, интернаттық мекемелер шәкірттері, 60 жастан асқан адамдар, жоғары тыныс алу жолдары ауыратын пациенттер және т.б.), қалғандары кәсіпорындар мен жеке қаражаттары есебінен вакцинацияланды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 ақпан 2013, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.