Атырау, 26 желтоқсан 20:18
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Болгария Парламенті Үкімет басшысының шешімін мақұлдады

1 358 просмотра

Болгарияда Үкіметке қарсы шерулер екі апта бойы тыйылмай келеді. 

Елдің 40 қаласында өткен халықтың жаппай қарсылығына электр қуаты және жылу энергиясы төлемақысының шарықтап кетуі түрткі болды. Жергілікті тұрғындар Үкімет саясатын мүлдем қолдамайтындықтарын жеткізді. Кеше ел астанасы Софияда мыңдаған адамның қатысуымен ауқымды шеру өтті. Жергілікті ақпарат құралдары соңғы наразылық шара бейбіт түрде өтті деп хабарлайды. Зардап шеккендер туралы еш мәлімет түскен жоқ. Айта кетерлігі, қарсылық шерулері салдарынан ел Премьер-Министрі Бойко Борисов Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдаған болатын. Парламент Үкімет басшысының шешімін мақұлдады. Енді елде мерзімінен бұрын сайлау өтуі тиіс.

Дереккөз: 24.kz

25 ақпан 2013, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.