22 ақпанда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2013 жылғы міндеттер бойынша есеп берді.
Есепте жетістіктер туралы көпірме сөздер болған жоқ. Мақтанатындай да ерекше ештеңе жоқ қой. Инвестиция көлемі 6,7 пайызға, салықтар мен міндетті жарналар 4 пайызға азайды. Бергейдің кезінде ол көбейіп, ақпанда Атыраудың бауырмал балшығына айналған қар да ерімес еді, деген болар еді сайтымыздың комментаторлары. Бірақ бұл жерде ешқандай батырдың да немесе сиқыршының да көмегі тимейді. Көлемнің азаюына Қашаған мен «Болашақтағы» негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы себеп болып отыр.
Тұрғын үйлер құрылысына келер болсақ, биылғы жылы «Қолжетімді баспана‑2020» бағдарламасының аясында кезекке тұрушылар мен жас отбасыларға арналған 56 мың шаршы метр және балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін 240 пәтер салу жоспарланған. Құлсарыдан көппәтерлі 5 үй салу, Ганюшкин мен Аққыстаудан бір-бір үйден, Индербор поселкесінен 2 үй салу жоспарланыпты.
Облыс бойынша (1-6 жастағы балаларды) балабақшалармен қамту 54 пайызға тең. 2013 жылы республикалық бюджет қаржысына 7 балабақшаның (Көкарна, Бірлік, Ганюшкин, Махамбет с., «Нұрсая» ы/а, Привокзальный ы/а, Жаңа Қаратон пос.), демеуқаржы есебінен – 8 балабақшаның (Бірлік, Тұрғызба, Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Қосшағыл с., Жаңа Қаратон, Құлсары) құрылысы басталмақ.
2013 жылы ТШО Құлсарыдан бірнеше нысандар, соның ішінде спорт кешенін салуды жоспарлаған.
Есеп беруден кейін ниет білдірушілерге әкімге сұрақ қоюға мүмкіндік берді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық жанжалдар салдарынан тоқтап қалған нысан құрылыстарының болашағы туралы сұрақ осымен нешінші рет қойылды екен.
- Мәселен, Атыраудағы кәріздік-тазарту құрылғысының құны 8,7 млрд теңге. Ал смета бойынша миллиард теңгенің жұмысы орындалса да, өткен жылы бас мердігерге 8,9 млрд төленді. Құлсарыда осындай тазарту құрылғысының жобасына қарастырылған 900 млн теңгенің мердігерге 800 миллионы төленді. Мұнда да орындалған жұмыс көлемі сметаға сай келмейді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған нысандарға келер болсақ, Атыраудағы киноконцерт залының құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінді де, 1 млрд теңгеден астам төленді. Ал сметада іргелес аумақты абаттандыруға қаржы мүлдем қарастырылмаған. Демек, бұл құрылысты жалғастыру үшін бізге 3 млрд теңге табуға тура келеді деген сөз. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан мердігерлерден бұл нысандарды қабылдай алмайтындығымыз жағдайды қиындатып тұр. Бірақ біз бұл нысандарды аяқтауға міндеттіміз.
Балық өнеркәсібін дамытудың болашағы, «Атырау Балықтың» банкротқа ұшырауы туралы сұраққа әкім үкімет өкілдерінің соңғы сапарлары барысында ұсынылған барлық шешімдерді биылғы жылдың наурызында президенттің өзі қарап шығатынын айтты. Сол кезде шешім қабылданатын болады.
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нұрлы АЙТИЕВА ірі кәсіпорындар ведомоствалық балабақшалар салатын болды ма деп сұрады. Бүгінде тек «АМӨЗ» ЖШС-де ғана осындай балабақша бар.
- Бүгінгі күні мұнай-газ саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар, керісінше, профильдік емес активтерден арылуда. Сондықтан балабақша салуға қаржылар бөлмейді. Бірақ бұл компаниялар әлеуметтік міндеттемелер аясында өз үлестерін қосуда. Олардың көмегімен биылғы жылы 17 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп, 26 балабақша салу жұмыстары басталады. Оның 6-уы биылғы жылы салынбақ.
Х. Досмұхамедов атындағы АМУ студенті Ғ. Сланов атындағы облыстық кітапханаға жету қиындығына, ол жерге тек бір ғана маршруттың жүретіндігіне шағымданды. Ізмұхамбетов қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВКЕ тапсырма берді.
Кәсіпкер Зураб БОБОХИДЗЕНІҢ көгалдандыру туралы сұрағына Ізмұхамбетов жоспарланған екі бақтың біреуінің құрылысы биылғы жылы басталатындығын мәлімдеді.
Бірнеше жеке сұрақтар, соның ішінде кезектен тыс баспана беру өтініші бойынша да сұрақтар қойылды:
- Менің құқығым да, мүмкіндігім де жоқ. Баспана тек кезек тәртібімен ғана беріледі, - деп жауап берді әкім өтінушілердің біріне.
Айтпақшы, әкім есеп берген күні алғаш рет Сәлімжан НАҚПАЕВ жұртшылық алдына шықты. Облыс әкімінің орынбасары лауазымында ол су есептегіш құралды орнату және тариф қалыптастырудың жаңа механизмі бойынша кеңес өткізді. Ал есептен кейін әріптес жолдастарының құттықтауларын қабылдады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Сурет пен бейнежазбаны түсірген Қанат ЕЛЕУОВ