Атырау, 22 қараша 23:55
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Рим папасы тағына үміткер Нью-Йорк епархиясындағы педофилдік әрекеті үшін жауап беруде

1 625 просмотра
Рим папасы тағына үміткер Нью-Йорк архиепископы Тимоти Доланға епархияға қарасты балаларға көз сүзген священниктердің үстінен қозғалған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. «The New York Times» ақпаратына қарағанда, одан қылмысы әшкере болған «әулие әкейлердің» тізімін қандай мақсатта жарияламақ болғаны және олардың жат әдетке қашаннан бері бой алдырғанын қалай білгені сұралды.

muslim.kz сайтының жазуынша, жуырда Римге жүрер алдында Долан ант-су ішіп, 2002-2009 жылдары өзі басқарған Милуоки архиепархиясындағы католик священниктерінің іс әрекеттері  жайлы түсініктеме берді.

Священниктердің педофилдігіне қатысты дау-дамай 2010 жылы тұтанған болатын. 2010 жылы бүгінде дүниеден озған Лоуренс Мерфи есімді священниктің бірнеше жыл бойы мылқау әрі саңырау балаларға арналған мектептің ұл балаларын зорлап келгені әшкере болған еді. Қылмыскер тиісті жазасын алмаған, ал осыған қатысты ақпаратты шіркеу басшылығы құпия ұстап келген. Кейін тергеу кезінде белгілі болғандай, священниктен 500-ден аса бала жәбір көрген.

2011 жылы Доланның ізін басып, ісін жалғастырушы Джер Листеки педофилдер құрбанына айналғандардың сот үкіміне сәйкес, 9 млн доллар төлеген  Милуокидің банкротқа ұшырап, тақырға отырғанын мойындауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта Долан Нью-Йорктегі епархияны басқарады және АҚШ-тың католик епископтары конференциясының президенті болып қызмет атқарады. Оны бұл орынға 2012 жылдың ақпан айында Папа Бенедикт тағайындаған болатын. Америкалық  «Time» журналы архиепископты ең ықпалды адамдардың қатарына қосқан еді.

2013 жылдың наурыз айында Долан жаңа понтификті сайлау жөніндегі конклавқа қатысты. Оның өзі басты үміткерлердің бірі болса да, Ватиканның тағында отыратын адамның ағылшын тілді болғанын қалайтынын жасырмай айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 ақпан 2013, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.