Атырау, 25 қараша 12:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Игілік» үшжылдық

1 677 просмотра

Өткен жылғы вице-премьер Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ Құлсарыға сапары барысында ТШО-ны «Игілік» бағдарламасын тиімсіз жоспарлағаны үшін сөккен еді. Атап айтсақ, жыл бойы игерілмеген қаражаттар келесі жылға көшірілмей, «күйіп» кететіні жөнінде әңгіме болған.

Естеріңізге салайық, «Игілік» - мұнай компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша ерікті міндеттемесі. Соңғы жылдары ТШО «Игілікке» $20 млн бөліп отырды, ал биылдан бастап $25 млн аударатын болады. Компания жобаларға өздері тапсырыс беріп (әкімдіктің қатысынсыз), тендерлер өткізіп, бағдарлама бойынша нысандар құрылысын өзі бақылап отырады.

Құлсарыда желтоқсанда болған жиналыста Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ: «Жобаларды дайындау мен оларға мемлекеттік сараптама жүргізу созылып кетті, соның салдарынан $10 млн қаражат «күйіп» бара жатыр, ал жобалар жүзеге асырылмастан қалуда», - деп айтқан болатын. Әкім ТШО басшылығына егер қаражаттарды келесі жылға көшіру мәселесі шешілмесе, «проблемалар» туғызуға сөз берген.

Міне, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2013 жылдан бастап бағдарлама бір жылға емес, үш жылға әзірленетін болады. 2013-15 жылдарға «Игілік» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық билік пен «Теңізшевройл» жұмыс комиссиясын құрды. Оның бірінші отырысында облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШАКИМОВ пен «Теңізшевройл» ЖШС күрделі жөндеу бөлімінің негізгі активтер менеджері Уалид МАСРИ бағдарлама аясында жүргізілетін жобаларды талқылады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 ақпан 2013, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.