Атырау, 26 қараша 10:13
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Белорусь Қазақстан мен Ресейді айыптап отыр

1 892 просмотра

Белорусь Қазақстан мен Ресейді Біріңғай экономикалық кеңістікті бұзды деп айыптап отыр. Бұл жайында Regnum ақпараттық порталы хабарлады. 

21 ақпан күні Минск қаласында Белорусь президенті Александр Лукашенко Министрлер кеңесінің төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесіп, Біріңғай экономикалық кеңістік аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында талқылады. «Бізді БЭК бойынша әріптестеріміздің біржақты шешім қабылдаулары қатты алаңдатады. Бұл ортақ нарықтың бұзылуына алып келуде» деді Мясникович.
Белорусь президентінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Лукашенко мен Мясникович көтерген проблемалар 15 наурызда Санкт-Петербургте өтетін Белорусь пен Ресей елдері басшыларының жиынында қозғалуы мүмкін.

Дереккөз: baq.kz

22 ақпан 2013, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.